8 профессор-оқытушы "Педагогикалық білімді күшейту" жобасына қатысты

ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің тапсырысымен "Педагогикалық білімді күшейту" Дүниежүзілік банктің жобасы ұйымдастырылды. Финляндия ЖОО-дары мен Назарбаев университеті эксперттері жүргізген курсқа Дулати университетінен 8 профессор-оқытушылар қатысты.

Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов ұстаздарды арнайы қабылдап, құттықтауларын жеткізді. Нағыз мұғалім өзінің шәкірт алдындағы міндетін толық орындауы үшін, үнемі ізденіс үстінде болуы керектігін атап өтті. Жаңашыл бағытта көкжиегін кеңейткен бұл ұстаздар алдағы уақытта жекелей жұмыс жасап, университет оқытушыларына семинар, трениг жиі өткізеді деген жоспар болуы керектігін айтты.

Бұл жоба 2021-2023 жылдар аралығында нәтижелі жүргізілді. Енді оқытушылар тренер атағына ие болды. Бүгінгі күнге дейін университеттің және Тараз халықаралық инновациялық университетінің 60 оқытушыларына дәріс оқып, тәжірбие алмасқан.

Алдағы уақытты білімін жетілдіріп, шыңдалған ұстаздар өз тәжірбиелері мен біліктілігін бөлісуден жалықпайтындарын айтты.

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 4

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 2

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 3

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 4

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 5

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 6

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 7

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13 8

WhatsApp Image 2023 05 04 at 17.28.13

Прочитано 1014 раз
Top