Дулати университетінің профессоры Хайлбронда дәріс оқиды

Дулати университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ғ.Алтыбаев Германияға жұмыс сапарымен барды. Жамбылдық ғалым Хайлбронн қолданбалы ғылымдар университетінің студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына арналған «Internet of Things Fundamentals: Connecting Things» дәріс курсын оқиды.

Негізі Хайлбронн қаласында орналасқан қолданбалы ғылымдар университеті Дулати университетімен тығыз байланыс орнатқан. Қос оқу орнының ғалымдары өзара тәжірибе алмасып, халықаралық жобаларға бірлесе зерттеу жүргізіп отырады.

Курс «Internet of Things» (IoT) технологиясы негізінде шешімдерді жобалау және іске асыру тақырыбына арналған. Курс шеңберінде датчиктердің, микроконтроллерлердің және бір тақталы компьютерлердің, сондай-ақ тұманды желілер мен бұлтты сервистердің кең ауқымын қолдана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу жоспарда бар.

 Сондай-ақ студенттер IT жүйелерінің прототиптерінің электрондық схемаларын құруды және сенсорлардан жиналған деректерді өңдеу және талдау үшін Python бағдарламаларын жасауды үйренеді.

Дәріс Cisco «Dulaty University» желілік академиясы аясында өткізіледі. Курстар аяқталғаннан кейін студенттерге халықаралық үлгідегі Cisco сертификаттары беріледі.

2

3

Прочитано 919 раз
Top