Марапат жауған күн

Дулати университетінде «Ғылым қызметкерлері» күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, ғылымды дамытуға едәуір үлес қосып, ғылыми жаңалықтар ашып, жетістікке жеткен қызметкерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Ғылым ұзақ ізденісті қажырлы еңбекті қажет етеді. Сала мамандарының жобалары жоғары деңгейде бағаланып, өндірісте қолдануда. Бұл ел игілігі үшін жасалған жұмыстардың айқын көрінісі. Ғалым деген атақты иеленіп қана қоймай, жылдар бойы жаңашылтықты көздеп, талаптанып жүрген ғалымдарының еңбегі елеусіз қалған емес.

Осы ретте университет ректоры Мұхтар Байжұманов бірқатар ғалымдарды Дулати университетінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, аталған жиында 12 сәуір ғылыми қызметкерлер күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапатына ие болған профессор, ғалымдар да құрметке ие болды.

– Біздің ғалымдар соңғы 3 жылда 26 ғылыми-зерттеу жобасын іске асырды, оның ішінде: гранттық негізде 14 және шарттық негізде 9 жоба, 3 халықаралық жоба. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалпы қаржыландыру шамамен 362,4 млн. теңгені құрап, алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есе ұлғайды. Университеттің профессор оқытушы құрамы ғылыми нәтижелері дәстүрлі түрде мақалалар, баяндамалар, монография және патенттер түрінде жарияланады. Соңғы 3 жылда 120 патент алынды, 70-ке жуық монография жарық көрді,-дейді ректор Мұхтар Қазыбекұлы.

Салтанатты жиын өнерлі студенттердің сахналық қойылымдарымен жалғасын тапты. Жүректі тербетер, рухты әндер шырқалып ерекше көріністер тарихтағы оқиғалардан сыр шерткендей әсер қалдырды.

WhatsApp Image 2023 04 18 at 18.16.39

WhatsApp Image 2023 04 18 at 18.16.39 1

WhatsApp Image 2023 04 18 at 18.16.39 2

WhatsApp Image 2023 04 18 at 18.16.39 3WhatsApp Image 2023 04 18 at 18.16.39 4

Прочитано 849 раз
Top