«Атамекен» ҰКП жүргізетін ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі жарияланды.
Қазақстандағы ЖОО арасында өткізілген рейтинг бойынша Дулати университетінің «6В01408 Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламаласы 3-орын алды. Бұл рейтинг тек оқытушылардың біліктілігін ғана емес, сұранысқа ие маман даярлайтынының дәлелі. Сондай-ақ, «6В01403 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша үздік деп танылып 1-орын иеленді.
«Атамекен» ҚР ҰКП рейтингі – бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүргізілетін қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тәуелсіз бағасы.
Сапалы білім мен тәрбиені ұштастыра білген оқу орнының жетістігі бұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жүйелі жұмыстар мен жаңа бағдарламалар қолға алу жоспарлануда. Бұның өзі жастардың болашағына үлкен серпіліс беретіні анық. Дулати университеті өңірдегі маман тапшылығын шешіп қана қоймай, елдегі өндірістерді мықты кадрмен қамтамасыз етуде. Болашаққа деген сенімді, нық қадамды Дулати университетінен баста!