Құрметке әркүні лайық жандар

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Театрландырылған қойылыммен басталған концерттік бағдарлама көрермендердің көңіліне нәзік сезім сыйлап, қуанышқа бөледі. Ана бойындағы асылдық пен мейірбандылық, қайсарлылық пен адалдықты арқау еткен бұл көрініс нәзікжандылардың өр рухты екенін тағы бір айқындағандай.

Университеттің жігіттер қауымы дайындаған мерекелік бейне-ролик ханымдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Дулати университетінің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, нәзік жандардың қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.

«Біздің қоғамда аналардың алар орны айрықша. Ана – ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке-ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші. Әйелдер – отбасының ұйытқысы ғана емес, кәсіби мамандар, заман көшіне ілесе білетін мықты менеджерлер, білімді-білікті басшылар! Әрбір адамның тағдырындағы ең жарқын сәттер ардақты аналармен, аяулы арулармен байланысты. Халқымыздың басына түскен ауыр сынақтарда да әйелдер ел тағдыры үшін жауапкершілік арқалаған. Бүгінгі егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Әйелдердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда», – деді Данияр Ысқақұлы.

Біздің университетте 1 423 әйел қызмет етеді. Оқытушы-профессорлардың 641-і білімді-білікті қыз-келіншектер, нәзікжандылар. Жалпы ғылымдағы әйелдердің үлесі – 54 пайыз. Статистика бойынша елімізде білім саласында, оның ішінде жоғары мектепте еңбек ететін әйелдердің саны көршілес мемлекеттермен салыстырған едәуір жоғары. Соңғы жылдарда жоғары білімді әйелдердің саны арта түскен.

Салтанатты жиында ЖОО үздік оқытушысы атағымен және университет ректорының алғыс хатымен нәтижелі жұмыс көрсеткен ару қыздарымыз марапатқа ие болып, ықылас гүлі ұсынылды.

2

3

3

3

3

3

Прочитано 803 раз
Top