DULATY UNIVERSITY мен YILDIRIM HOLDING, QAZAQSODA арасындағы меморандумға қол қойылды

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов пен Yildirim Holding компаниясының атқарушы директоры Джейлан Исмаил, «QazaqSoda» ЖШС-нің директоры Рамазан Ибраимов өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

Түркиялық Yildirim Holding трансұлттық корпорациясының «Qazaq Soda» ЖШС Сарысу ауданында сода зауытын салуда. Кәсіпорын 2025 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Зауыттың бастапқы сатысы іске қосылғанда өнеркәсіпке 300-ден астам жоғары білімді химик-технолог маман қажет.

Yildirim Holding компаниясы Дулати университетінің түлектерін, химик-технолог және басқа да мамандарды жұмысқа тартуға ынта танытып отыр.

Келісімге сәйкес Дулати университетінің студенттері «Qazaq Soda» ЖШС-нің Сарысу ауданында ашатын сода зауытында өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналаса алады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылары, ғалымдары, докторанттар мен магистранттар келісімшарттық зерттеулерді жүргізетін болады.

Бұл Меморандум жас зерттеушілердің ғылыми-техникалық кеңістікте іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуіне, ғалымдардың жаңа жобаларын іске асыруға сараптамалық қызметті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге жол ашады. Сондай-ақ өзара әріптестік туралы келісім –Дулати университетінің қосымша кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың инновациялық модельдерін әзірлеуі үшін үлкен мүмкіндік.

Ал «Qazaq Soda» ЖШС зауытқа керек маман даярлау үшін Дулати университетімен әріптестік серіктестік орнату аса қажет.

Мәлімет үшін:

Yildirim Holding – 1963 жылы құрылған түрік әртараптандырылған өнеркәсіптік тобы. Холдинг құрылымында 4 материкте, әлемнің 52 елінде зауыттары бар. Жалпы саны 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ол әлемдегі қатты әрі кесек хром кенін өндіруші ең ірі кәсіпорын.

2

3

4

5

Прочитано 889 раз
Top