«Білім беру ісінің үздігі – 2023» республикалық байқауы

Педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда педагог мәртебесін көтеру, білім саласында өз жұмысын адал, сапалы әрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында «Білім беру ісінің үздігі - 2023» республикалық байқауы өткізілуде.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ҚРПҚ тарапынан «Білім беру ісінің үздігі», «Ұстаз» ордені, «Үздік педагог», «Үздік тәрбиеші», «Үздік педагог-психолог», «Үздік жас педагог», және «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі қоғамдық наградаларымен марапатталады.

Байқауға құжаттар қабылдау мерзімі: 11.02.2023, сағат 21.00-ге дейін. (Астана уақытымен).

 «Білім беру ісінің үздігі – 2023» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Прочитано 2056 раз
Top