«2022 ЖЫЛҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.

Өз мамандығы бойынша Қазақстандық 43 ЖОО-ның ішінен Дулати университеті "Педагогикалық психология" кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова мен "Техникалық физика" кафедрасының аға оқытушысы Толқын Қасенова үздіктер қатарынан көрінді.

Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Прочитано 1000 раз
Top