Мария Монтесоридің педагогикалық жүйесінің негізі

Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп. Бірақ М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі – бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні,түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т.б.

Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі.Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы.Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасына дейінгі тәрбиенің аса маңызды жағы. Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау, және қоршаған ортаға деген танымдық айғағы.

Білім беру ұйымдарда Монтессори әдісін қолдану арқылы баланың небір қасиеттерін ашуға болады.Баланың сөйлеу тілі 6 жасына дейін қарқынды дамиды. Яғни ол тек қана сөйлеп қоймай,заттарды ұстап,сипаттап,көріп,танып,ойланады.

Осы орайда, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті «Ұстаз» институты «Мектепке дейінгі және бастауыш  білім беру» кафедрасында «Ізденіс» студенттерінің ғылыми үйірмесінің жетекшісі А.Е.Кадырова және үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен  облыстық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.Мақсаты-М.Монтессори жүйесі негізінде ұстаным- тұжырымдарды насихаттау, жүзеге асыру.
Ашық үйірме отырысына  бөбекжай- бақша, мектеп және колледждерден қонақтар  қатысты.Дөңгелек үстел отырысы  кафедра меңгерушісі , п.ғ.к., доцент А.Т.Кенжебаеваның құттықтау сөзімен ашылды.Іс-шараға  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы № - 45  мектеп гимназиясының мұғалімі, педагог-зерттеуші Тилепбергенова  З.А.және оқушыларымен «Мария Монтесорий әдісін бастауыш сыныпта қолдану» тақырыбы бойынша мастер - класс көрсетті.Сонымен қатар, «Ізденіс» үйірме мүшелерінің ұйымдасытруымен

«М.Монтесоридің педагогикалық жүйелері» тақырыбы бойынша  оқушылармен практикалық жұмыстар жүргізді.
Дөңгелек үстел отырысында №9 бөбекжай-бақша тәрбиешілері,  Парасат, Тараз инновациялық  көп салалы колледжінің суденттері «М.Монтесорий әдістемесі бойынша балалардың ұсақ моторикаларын дамыту бойынша» тәжірбиелік жұмыстар ұйымдастырды.Іс-шара отырысының қорытындысында п.ғ.к., профессор П.С.Сағымбекова және п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қ.Н.Сарыбекова келген қонақтарға алғысын білдірді және  белесене қатысқан қонақтар сертификат және алғыс хатпен марапатталды. Монтессори бір әдісінде бірнеше жақты қамтиды.Яғни,ол педагогты бағыт-бағдар беруші,ал балалар сол дұрыс бағыт бойынша ойнай отыра дамиды.Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

WhatsApp Image 2022 12 12 at 12.14.41

WhatsApp Image 2022 12 12 at 12.14.41 1

WhatsApp Image 2022 12 12 at 12.14.42

 

Прочитано 1206 раз
Top