Ғылыми үйірме жұмысы: “ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ”

“ҰСТАЗ” институты, “Арнайы және әлеуметтік педагогика” кафедрасы “ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ” тақырыбында облыс көлемінде ғылыми үйірме ұйымдастырды.

Мақсаты: Инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін мастер класс алаңын құру, оқытушылар мен білім беру ұйымдарының жетекшілерімен тәжірибе алмасу.

Үйірмеге №3 “Мейірім” арнайы мектеп-интернаты КММ, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, №25 орта мектеп,ресурстық орталық, №4 “Үміт” арнайы мектеп интернаты, №35 орта мектеп, №9 орта мектеп, Жамбыл облысы “Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына арналған мектеп-интернаты” КММ, “ӨРЛЕУ” ұлттық біліктілікті арттыру, Жамбыл облыстық ведомствоаралық психо-медициналық педагогикалық консультациясы және тағы бірқатар Жамбыл облыстық, Тараз қалалық оңалту, түзету, қолдау көрсету мекемелерінің жетекші мамандары мен мекеме басшылары қатысты.

Үйірме барысында инклюзивті білім беру, ақыл-ой, тіл бұзылысы, есту және көру бұзылысы бар балалармен қалай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы түрлі әдіс-тәсілдер көрсетілді. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларға инклюзивті оқу жағдайында АВА терапиясы арқылы жағымсыз мінез-құлық іс-әрекеттерін түзету әдістеріменде бөлісті. Логопед мамандарға аутист балалармен жұмыс жүргізудің практикалық әдістері көрсетілді.

Жоғарыда аталған мекеме мамандары және кафедра оқытушылары, студенттер өзара тығыз тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. №3 “Мейірім” арнайы мектеп-интернаты КММ- нің балалары өз өнерлерін көрсетті.

2

3

4

5

6

Прочитано 811 раз
Top