Қайраткер өмірін қамтыған

Қазір «кітаптан алшақтап кеттік, көркем әдебиет оқылмайды» деген пікір жиі айтылады. Бірақ Дулати университетінің жастары бұл сөзбен келіспейді. Олар үшін кітаптан құнды қазына жоқ. Теледидар да, интернет те, тіпті ешқандай өркениет те қағаз кітаптың орнын баса алмайды, дейді студенттер. Сондықтан да болар, үзіліс кезінде руханияттың құтханасына айналған кітапханаға жиі бас сұғады.

Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен түрлі әдеби кештер, жиындар, болып тұрады. Әрине, іс-шаралардың басты мақсаты білімді әлеуметтік желіден емес, кітаптан іздеуге шақыру. Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай әдеби кеші өтті. Әдеби кеште ақынның өлеңдері оқылып, сахналық қойылымдар көпшілікке ұсынылды. Жиын соңында студенттердің білімі мен ізденістері сынға түсіп, белсенділік танытқан жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2022 11 10 at 17.20.23

WhatsApp Image 2022 11 10 at 17.20.23 1

WhatsApp Image 2022 11 10 at 17.21.06

WhatsApp Image 2022 11 10 at 17.21.17

 

Прочитано 814 раз
Top