Дулати Университетінің экс-ректоры Талғат Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Түрлі басшылық қызметтерді атқарып, мықты менеджерлік тәжірибе жинаған Талғат Ілиясұлы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры қызметін атқарған кезең оқу орны үшін табыссыз болған жоқ.

Айқын бағдар өз нәтижесін берді. Соның ішіндегі ең маңыздысы – университет тәуелсіз халықаралық аккредиттеуден өтті. 2027 жылға дейін 5 жылға білім беру қызметін жүзеге асыратын институционалдық аккредиттеу сертификатын алды.

Тағы бір атап өтетіні – педагогикалық қызметкерлердің жалақысын 42 пайызға артқаны. Бір жылда университет оқытушылары мен профессорларының қол жеткізген табыстары айтарлықтай.

Биыл Дулати университетіне оқуға тапсырғандардың арасында грант иегерлерінің саны өсті. 2021 жыл – 915 болса, 2022 жыл 1244 талапкер грант иегері атанды.
Басқарушылық қабілеті мен тәжірибесін шыңдап, ізденісін тоқтатпаған Талғат Ілиясұлы өзіне жүктелген жаңа жауапкершілік пен міндетті де абыроймен атқаратынына сенім мол! Іске сәт!

Прочитано 981 раз
Top