Қазақстандық студенттер ғылыми жұмыс қорғамай-ақ диплом ала алады

4-жылдық білімнің нәтижесі ретінде студенттерге бұған дейін диплом жұмысын жазу, қорғау міндеттелді. 2023 жылдан бастап студенттер ғылыми жұмыс қоғамай-ақ диплом иеленеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Яғни, бітіруші түлектер дипломдық жұмыстың орнына өзінің жүзеге асырылып жатқан жеке жобасын немесе ойлап тапқан туындысын ұсынуына болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік стандартқа осындай өзгеріс енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, университеттер енді түлектерге еңбек нарығында сұранысқа ие болатын қажеттіліктерді ескере отырып, барлық жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын толық немесе ішінара өзгерте алады.

Ал магистранттар мен докторанттар оқу траекториясын өздері таңдайды.

Сондай-ақ, шетелдік тағылымдамадан өтуге болатын ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. Ендігіде магистранттар мен докторанттар жетекші ғылыми орталықтардан тәжірибеден өтеді.

Медиа-қызмет.

Прочитано 1030 раз
Top