Ғылымды қайта дәріптеп, ғалымдардың мәртебесін көтеруіміз керек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан ғылымын танымал ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа министрліктің басты бағыттарының бірі – ғылымды дәріптеу.

«Қазір ғылымды қайтадан танымал, қызықты ету, ғылыми мансаптан үлкен мансаптық трамплин жасау өте маңызды. Бүкіл Marvel фильмдерін қарасаңыздар: Брюс Бэннер – Халк – ғалым, Тони Старк – ғалым. Барлық кейіпкерлер – ғалымдар. Инноватор ретінде, әлемді және елімізді алға жылжытып, жақсартатын адам ретінде ғалым мәртебесін қайтаруымыз керек», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Өз сөзінде Ғылым министрі Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің мұғалім мәртебесін қайтарғанын еске салды.

«Дәл осылай ғалымның мәртебесіне де назар аудартқымыз келеді. Ғалым – болашағы зор мансап. Ғалымдар расында да әлемді өзгертеді. Және ең бастысы, ғалымдар қолданбалы форматта экономикалық және әлеуметтік дамуға, ЖІӨ-нің өсуіне және басқа факторларға әсер етеді. Яғни, ғылым әлеуметтік-экономикалық дамудың серіктесі және көмекшісі ретінде де маңызды», - деді Саясат Нұрбек.

Прочитано 808 раз
Top