Түркістан шаһарына жазғы саяхат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректорыТ.Ешенқұловтың қолдауымен және университет кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Хұсайыновтың ұйымдастыруымен, университеттің әкімшілік шаруашылық, басқару және кітапханалық ақпараттық бөлімдерден 50 қызметкер Түркістан қаласына бір күндік саяхатқа барды.

Саяхатта алғашқы ат басын тіреген орын Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған – «Арыстан баб» кесенесі. Баба сүйегі жатқан ерекше бөлмеде арнайы тілек тілеп, құдығының қасиетті суынан іштік. Ел аузында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз қалған. Бабалар рухына Құран бағыштап, содан кейін Түркістан шаһарына бет алдық.

Түркістан күллі түркі халықтарына ортақ әлемге әйгілі қасиетті мекен ғой. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушылардың бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушығұлама Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген жер. Шаһарды аралау да осы кесенеден басталып, жаңадан салынған Керуен сарай орталығында жалғасты.

Мұндағы әсерді бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сарай шығыстық стильде салынғанымен, құдды бір Венецияда жүргендей боласың. Ұжым мүшелерін қаланың аз уақыттың ішінде күллі түркінің көз тіккен жауһары атанып, әр пенде барып көруді армандайтын тарихи туристік орталыққа айналғаны таң қалдырды.

285169002 886704142731607 4374005067412923967 n

Прочитано 1252 раз
Top