Ынтымақтастықты арттырған халықаралық семинар

Білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Осы арқылы әртүрлі елдің білім беру мекемелері бірлесіп, өзара ықпалдастық жағдайында қызмет етеді. Ынтымақтастықтың мұндай форматы жоғары оқу орындарына оқытуды тартымды әрі беделді етуге мүмкіндік береді. Білім беру ынтымақтастығы шетелдік университеттермен өзара іс-қимыл бағдарламалары, халықаралық білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және т. б. іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Өткен айдың соңында «Eingebettete Systeme in der Nachrichtentechnik-Erfahrungsberichte und zukunftige gemeinsame Projekte (Embedded systems in communications engineering -field reports and future joint projects)» атты халықаралық семинар өз жұмысын бастаған болатын. Семинар қатысушылары Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті («Ақпараттық жүйелер», «Автоматтау және басқару», «Туризм және сервис» кафедралары) екенін айта кеткен жөн.

Семинарға қатысушылар өз университеттерінің промо-материалдарын және ықтимал жоба  идеяларын ұсынды. Себебі семинар шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және одан әрі коллаборция құру бойынша шағын топтарда жұмыс жоспарланған болатын.

Халықаралық семинар IT, техника және Іскерлік туризм саласындағы зерттеушілер, әзірлеушілер, инженерлер, студенттер мен кәсіпқойлар арасында ғылыми ақпарат алмасуға жәрдемдесуге бағытталған.

Көптеген отандық институттар мен университеттер осы бағытта белсенді жұмыс істеуде. Болашақ студенттерге халықаралық жоғары білім беру бағдарламалары қалай жүзеге асырылатыны және не беретіні туралы ақпарат қажет болады.

2

3

4

5

5

6

7

1

2

3

4

Прочитано 966 раз
Top