«Инклюзивті және интеграциялық білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында жазғы сауықтыру лагері

Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл!

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты  және биылғы «Балалар жылына» арналған жаздық лагерьдің ашылу салтанатында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы дәріс беретін студенттері ән-жырдан шашу шашып, би билеп, балаларға арнап өлеңдер оқыды.

Мақсаты: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыту және әлеуметтендіру, студенттердің бойында адамгершілік қасиетті насихаттау мен білім, біліктерін жетілдіру» болып табылады.

Мерекелік іс-шара барысында Л.И. Бекембетова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық процестері мен ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында  құм терапиясын шебер жүргізсе, Э.Ж. Амиркенова «Игры для развития речевого дыхания у детей» - логопедиялық сабақты жоғары деңгейде өткізе білді. А.Т. Жумагулова «Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту» - саз терапиясын, А.Асанқызы «Тіл асты бұлшық етіне арналған логомассажын», С.Б. Абдрахман «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін ароматерапиясын» тамаша жүргізе білді, сонымен қатар Э.Б.Өтегенова әлеуметтік педагогтың жұмысын «Арттерапия» арқылы тиімді көрсете білді.

2

«Ұстаз» институтының директоры э.ғ.к., доценті О.К.Джолдасова: 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Сонымен қатар елімізде алғаш рет университет қабырғасында жазғы сауықтыру лагерін «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы ұйымдастырып отыр. Бұл лагердің тағы бір ерекшелігі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың артикуляциялық аппаратын  тексеріп, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін анықтап және түзете-дамыту жұмыстарын кафедраның білікті логопед мамандарымен қатар осы мамандықта оқитын студенттер де жүргізеді. Әрі бұл болашақ логопед мамандарына практика ретінде өз пайдасын тигізері сөзсіз. Балалар – біздің болашағымыз, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына олардың бүгінгі таңда алатын тәлім-тәрбиесі мен біліміне байланысты. Сондықтан да биылғы жылды Президентіміз Қ.К.Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялауы бекер емес. Олай болса бүгінгі балалар мерекесі құтты болсын! Оларға тек мықты денсаулық, уайымсыз өмір, тәтті балалық шақ және болашақтарының жарқын болуын тілеймін!» - деп құттықтау сөзімен бүгінге мерекелік концертті аяқтады.

Алдағы уақытта ата-аналар бүлдіршін балаларын университет қабырғасында ашылған жазғы сауықтыру лагеріне әкеліп, олардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ат салыспақ.

3

4

5

6

«Арнайы және әлеуметтік педагогика»

кафедрасының аға оқытушысы Е.Б.Дуйсенбеков

Прочитано 1098 раз
Top