Ғылым әлеміне жол ашыңыз

2022 жылдың 12 мамыры №1 мектеп-гимназиясында (Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы) «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп оқушыларына ғылыми-зерттеу білім берудің мазмұны мен ұйымдастыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Дулати университетінің Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихнама орталығының директоры С.Қалиев қатысты.

PhD докторы Г. Исабекова, доценттер Г.Абдрахман, Г.Нұрадин , магистр Н.Дүйсенова мектеп мұғалімдері мен студенттеріне сөз сөйлеп, олар өз сөзінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдерін, соның ішінде зерттеу бағытын таңдау, ғылыми мәселені тұжырымдау, жүргізу жолдарымен таныстырды, теориялық және эксперименттік зерттеулердің, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін көрсету бойынша ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, зерттеу тобының жетекшісі Г.Исабекова қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «АП08856578 «Қазақстан Республикасындағы көпмәдениетті білім беру кеңістігі: тарих, теория, жобалау принциптері» және AP09260664 «Қазақстан Республикасындағы өмір бойы білім беру контекстіндегі CLIL саясаты: ақпараттық-коммуникациялық тәсіл» 2 жобасының негізгі нәтижелерімен таныстырды.

2 2

Жаңартылған білім беру мазмұнының қазіргі жағдайында зерттеушілік дағдыларды дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Студенттерді ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу, оларға жаңа нәрселерді ойлап табуға, түсінуге және меңгеруге, өз ойын айтуға, шешім қабылдауға, қызығушылықты қалыптастыруға және мүмкіндіктерді тануға үйренуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие жұмысын белсендіру, оған шығармашылық, ізденімпаздық сипат беру – зерттеушілік білімнің басты ерекшелігі екенін айта кеткен жөн.

Дөңгелек үстел барысында Шерхан Мұртаза шығармашылығы бойынша ғылыми зерттеулер негізінде студенттердің Қазақстанның патриоты ретінде тұлғасын қалыптастыруға тоқталған С.Қалиевтің баяндамасы ерекше өзекті болды.

Шығармашылық ынтымақтастық атмосферасында өткен іс-шараға қатысушылар мектепті реформалаудың және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту өзекті міндеттердің біріне айналып отырған білім берудің жаңартылған мазмұнына көшудің маңыздылығын атап өтті.

3 2

Прочитано 920 раз
Top