Индонезия елшісі Дулати университетіне ат басын бұрды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұлов Индонезияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесіп, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Жүздесу барысында сөз алған Талғат Ілиясұлы екі ел арасында орнатылған берік байланысқа кеңінен тоқталды.

–Индонезияның Қазақстанмен қарым-қатынасы сан ғасырлық тарихи және мәдени байланыстардың берік негізінде қаланған. Соңғы жылдары қос мемлекет арасында тауар айналымының көлемі көбейіп, оның құны 47 миллион долларға жетті. Бүгінде екі ел сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, мұнай, көлік инфрақұрылымы және машина жасау, және мәдениет, білім беру салаларында ынтымақтастық орнатқан. Дулати унвиерситеті де шет елдердің маңдайалды оқу орындарымен тығыз жұмыс істеуде. Айталық, Люблин Политехникалық Университетімен, Алтай мемлекеттік университетімен, Браганса политехникалық институтымен, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетімен, Мәскеу мемлекеттік тағам технологиялары университетімен бірлескен бакалавр және магистрлік білім беру бағдарламаларын табысты іске асыруда. Сондай-ақ Еуропа, Азия, Латын Америкасының 100-ге жуық университеттерімен де байланыс берік. Өкінішке орай, бүгінгі күні Дулати университеті мен Индонезияның жоғары оқу орындары арасында өзара бірде-бір меморандумға қол қойылмаған, – деген университет басшысы ынтымақтастық барысында белсенділік танытуға ниетті екенін баса айтты. Мохамад Фаджрул Рахман да өз кезегінде Дулати университетінің бүгінгі дамуын жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ қос тарап бір-біріне сый-сияпаттарын тарту етті. Бұдан кейін елші университеттің бас ғимаратын және мұражайын аралап, ондағы жәдігерлермен танысты.  

2

3

4

Прочитано 896 раз
Top