Аға оқытушы «Ломоносов оқуларына» қатысады

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Вильнара Әлібекова «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтуде.

Вильнара былтыр әлемнің үздік Times Higher Education (THE) World University Ranking - 2021 университеттерінің рейтингінде білім сапасы бойынша 21-орынды иеленген Ресейдің жетекші жоғары оқу орнында ғылыми тағлымдамадан өтіп жатқанына қуанатынын жеткізді. Бұл тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.

3

Дулати университетінің оқытушысы енді тағылымдама бағдарламасына сәйкес ғылыми семинарларға қатысуы тиіс. «Жалпы өзім «Корпоративтік инновацияларды басқару» секциясында «Ломоносов оқулары» ғылыми конференциясына «Ресей мен Қазақстанның үлгісіндегі қос диплом бағдарламаларын іске асыру проблемалары» тақырыбы бойынша баяндама дайындап, қорғауды жоспарлап отырмын», - дейді Вильнара Әлібекова.

 1

Прочитано 806 раз
Top