Профессор-оқытушылық құрамының бос лауазымдық орындарына конкурс

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Профессор-оқытушылық құрамының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ

«Педагогикалық психология» кафедрасы

қауымдастырылған профессор (доцент)

1 бірл.

«Орыс тілі және әдебиет» кафедрасы

қауымдастырылған профессор (доцент)

1 бірл.

«Әлем тілдері» кафедрасы

қауымдастырылған профессор (доцент)

2 бірл.

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы

аға оқытушы

1 бірл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  ректорының атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

  1. Кафедраның қауымдастырылған профессоры (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- кафедраның ББ сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе ғылыми-педагогикалық бейіндегі PhD дәрежесінің) және/немесе қауымдастырылған профессор атағының болуы;

- білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- шығармашылық сипаттағы ББ бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «еңбек сіңірген», «құрметті» және ҚР Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. ҚР ресми танылған атақтары бар маман аталған лауазымға үміткер бола алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 6,5-тен астам болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 10 ғылыми мақалаларды жариялауы) жоғары жетістіктердің болуы.

  1. Кафедраның аға оқытушысының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- кафедраның ББ сәйкес келетін жоғары (специалитет) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура, ғылыми-педагогикалық өтілі жоқ болғандағы ғылыми-педагогикалық PhD докторантура, бейіні бойынша PhD докторы);

- білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл (оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл) немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі кемінде 5 жыл;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 6,5-тен астам болуы;

- соңғы 3 жыл ішінде оқу, оқу-әдістемелік әзірлемелерінің болуы және кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы. 

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7,  101 бөлме (1.1 корпус)  (Персоналды басқару қызметі),

тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Прочитано 1231 раз
Top