Бақытгүл Масалимова,
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі
х.ғ.к., профессор.
КОМПЛУТЕНС УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ОРНАДЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технолгия» кафедрасының Phd, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Маржан Калмаханова наурыздың 3-15 аралығында Браганса Политехникалық институтында (Португалия, Браганса), Комплутенс Университетінде (Universidad Complutense de Madrid (UCM) және Король Хуан Карлос (Universidad Rey Juan Carlos, URJC ) (Испания, Мадрид) университетіне барып ғылыми тағылымдадан өтіп келді.
Дулати университетінің жас ғалымына осылайша шетелдік университеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты танысуға мүмкіндік туды. Осы сапар барысында Мадрид қаласында орналасқан Комплутенс университетімен екі жақты келісім шарт орнатылды. Осындай халықаралық деңгейдегі келісім шарттарды көптеп жасау кафедраның ғылыми әлеуетімен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғарылауына зор мүмкіндік береді.