ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА!

Бүгінде ұлттық тәрбие беру басты назарда болу керек. Ата-баба дәстүрін, ұмыт болған ата кәсіпті қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында насихаттау арқылы ұлттық тәрбие беру маңызды.

Осы ұстаныммен "Экономика және құқық" факультеті, "Бизнес экономикасы" мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен "Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды көрініс түрінде жақсы ойнап шықты, шығармашылық қабілеттерін ашты. Көріністе бүгінгі амал күніне орай "көрісу", "амандық сұрасу", "үлкендерді құрметтеу", "асық ойнау", "білектесу", "тоғызқұмалақ", "шекемтас", "бастаңғы" сияқты ойын-сауық түрлеріне тоқталды.

Бастысы - ұлттық құндылықтарымыз арқылы құнды ілім-білім, тәрбие алды. Қойылым соңында студенттер қазақтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарханнан дәм татып, өлең шырқап, көңіл көтерді. Іс-шараны ұйымдастырушы - "Экономика" кафедрасының доценті Гүлмира Амалбекова, аға оқытушы Айнагүл Блялова, Ардақ Жантаева студенттерге алғыстарын білдіріп, осындай тәрбие сағаттары әлі де жалғасын табатындығын айтты.

WhatsApp Image 2022 03 15 at 09.47.11

 

Прочитано 1178 раз
Top