"ЭРАСМУС" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖОЛ АШАДЫ

"Эрасмус" кредиттік ұтқырлық бағдарламасының қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын көпшілігі біле бермейді. Жалпы мұндай жүйеге қатысу үшін қандай талаптар қойылады?

Бұл туралы 10 ақпанда Халықаралық ынтымақтастық орталығында өткен "ЭРАСМУС+ халықаралық кредиттік ұтқырлық және жаңа халықаралық белестер" атты ақпараттық семинарда айтылды. Семинарға студенттер, магистранттар, декан орынбасарлары және кафедра меңгерушілері қатысты.
Орталық басшысы Гүлнұр Исабекова халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу талаптары мен мүмкіндіктері туралы баяндады. "Тоқыма, материалтану және стандарттау" кафедрасының доценті Г.Жұмабекова халықаралық жобаларға қатысудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Прочитано 884 раз
Top