Тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «... Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырған жөн. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет» - деп, сапалы білім беру қажеттілігіне айрықша тоқталды.
Осындай келелі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының «SMART-PEDAGOG» студенттік ғылыми үйірмесі аясында «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА, АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ!» атты» атты ғылыми конференциясы ұйымдастырылды.
Ғылыми конференцияға Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері, оқушылары және ЖОО -ның болашақ педагогтері және атақты ғалымдар қатысып, инновациялық ғылыми іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми конференциямектептердің дарынды түлектерін анықтау;педагогикалық мамандыққа жалпы орта білім беретін мектептердің талантты түлектерін тарту;педагогикалық мамандықты таңдауға ынталандыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізуге бағыттау сынды міндеттері шеше алды.
Ғылыми конференцияны «Ұстаз» институтының директорыДжолдасоваОрынқызКопбосыновна салтанатты ашты.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми конференция 4 бағытта жұмыс жасады: гуманитарлық бағыт;жаратылыстану бағыты;шығармашылық бағыт;психологиялық-педагогикалық бағыт.
Ғылыми конференцияның жаратылыстану бағыты бойынша 44 оқушы инновациялық жобаларын сәтті қорғады.
Өзінің білім алып жатқан мектебінде өзінің антисептик құрылғысын орнатқан Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Олжас Рысдаулет «Ақылды антисептик» ғылыми жобасымен топ жарып, 1-орынды иеленді.
Жүлделі 2-орынды Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Аяулым Ерланқызы «Мобильді тест қосымшасын MIT App inventor программасы арқылы Online test pad платформасымен интеграциялау » ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі Н.С. Бекшеев) және Байзақ ауданы Бурыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сурия Шауше-оглы «Бытовые отходы» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі: Э.Д.Алашбаева ) бөлісті.
Жүлделі 3-орынды иеленген Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Аяжан Cағымбек «Android пен Java бағдарламасында «Auto Komek» мобильді қосымшасын құру» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі: Ф.Р. Рахмалы), Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Айгерім Нурбаева «Жасанды антибиотиктердің тірі организмге әсері» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: Г.А.Айтымбетова) және Жамбыл ауданы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Меруерт Сүйіндік «Архимед құпиясы және Архимед заңының ашылу сыры» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі: Р.А.Айтымбетова), Байзақ ауданы Бурыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Осман Шаушев «Влияние ядов на организм человека» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі:Н.А.Джанабаева) және Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақсана Сұлтан «Мaтeмaтикaны қaзaқ xaлқының тұpмыc-тipшiлiгiндe қoлдaнылyы» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі: Л.К.Утжанова) топ жарды.
Ғылыми конференцияның гуманитарлық бағыты бойынша жалпы орта білім беретін мектептен 35 оқушы бақ сынасты.
Тараз қаласындағы №15мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Дильназ Есмұрат «The benefits of cartoons on learning English» ғылыми жобасымен жүлделі 1-орынды иеленді(Ғылыми жетекшісі: Г.Ш.Тажибаева).
Жүлделі 2-орынды Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Алмас Жақып «Көкпардың генезисі» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: Р.М.Ошакбаев ), Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Балжан Көмекбаева «Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусь жерін қорғаған жамбылдықтар» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: Г.К. Шартыкбаева) және № 31орта мектебінің 9-сынып оқушысы Гуржиева Алина «Мағжан Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері және тәрбиелік мәні» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: С.К.Кулмуратова) иеленді.
Жүлделі 3-орынды иеленген Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп -гимназиясының 10-сынып оқушысы Сейсенбай Мұқалитали «Қазақ халқының саны қалай өзгеруде?» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі: Д.Қ. Жампозова), Жамбыл ауданының Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Адина Сабыралы «Использование общих слов русского и казахского языков» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: С.К.Айтмагомбетова) және Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы 49 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысыМолдірЖұмат «Ағылшын және қазақ тіліндегі мифтік кейіпкерлер лингвомәдени ерекшеліктері» өлеңіндегі шолпының түрлері және тәрбиелік мәні» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: А.К.Кырбасова) топ жарды.
Ғылыми конференцияның шығармашылық бағыты бойынша бақ сынасқан Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің 8-сынып оқушысы БексұлтанДосмаханбет «Karate-do is an important sport in human life» ғылыми жобасымен (Ғылыми жетекшісі: Ж.У.Сарсенбаева ) және Меркі ауданының №4 Тілеміс батыр жалпы орта мектебінің оқушысы Умытхан Нұржігіт «Қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: Н.Р.Ошакбаев) 3 орынды қанжығаларына байлады.
Ғылыми конференцияның психологиялық-педагогикалық бағыты бойынша бақ сынасқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1-курс студенті Инабат Лесбек «Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы» ғылыми жобасымен ( Ғылыми жетекшісі: Ж.С.Таджибаева) 2 орынды иеленді.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми конференцияға қатысқан оқушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді және олардың ғылыми жетекшілері Дулати университетінің арнайы алғыс хаттымен марапатталды.
«Мектеп-жоо» жаңаша ынтымақтастық байланысын нығайтуда жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен тағылымы мол ғылыми конференцияның қосар үлесі зор болмақ.
Клара БУЗАУБАКОВА
М.Д.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор