ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ "ART AСADEMY" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Дизайн және сән индустриясы" кафедрасының базасында "Art Aсademy" шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы - ректор Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы, карьера және бизнес серіктестік бөлімінің бастығы Диас Апутанұлы, оқушылар, мектеп түлектері мен ата-аналар қатысты.

Талғат Ілиясұлының айтуынша, Дулати университеті үнемі жаңашыл бастамаларды қолдайтын оқу орны. Солардың ішіндегі жаңа шығармашылық орталық ашылуының маңызы өте зор. "Art Aсademy" деген атынан бөлек, ішіндегі заты маңызды болып тұр. Дулати университеті өзінің негізгі миссиясы - осы өңірге, республикаға сапалы мамандар дайындау. Ол үшін оқу орнында 1200-ге жуық профессор-оқытушылар құрамы еңбек етуде. Олар 230 білім бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Осы бағдарламалар ішіндегі бірнешеуі жаңадан ашылып отырған Арт-академияға қызмет көрсететін болады. Мұндағы мақсат - профессор-оқытушылардың тәжірибесі мен білімін тек осы оқу орнында ғана емес, өңірдегі жастарға да пайдалануға мүмкіндік беру. 

Іс-шара аясында кафедра оқытушылары шеберлік сыныптарын өткізді.Кафедраның аға оқытушысы, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі Егізеков Жамбыл Мұрасқалиұлы - этюд жұмысы. Оқытушы Астанова Балжан Даниярқызы текстуралық паста және поталь техникасындағы интерьерлік көрінісін бейнеледі. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, доцент Гаазе Жанат Болатбекқызы " Саусақпен сурет саламыз!» ұранымен балалармен бейне жұмыстарды орындады.

 
 

 

"Art Aсademy " - бұл әркімнің өз дарынын, қиялын көрсете алатын және жаңа шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алатын бірегей шығармашылық орталық.

"Art Aсademy" орталығының шығармашылық және білім беру курстары әр тыңдаушының қызығушылығы мен қабілетін ескереді.

Негізгі курстар:

  1. Жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихандарға мамандандырылған дайындық курсын (90 сағат) Тараз өңірлік университетінің оқытушылары жүргізеді.
  2. Академиялық сурет курсы (30 сағат) оқытушы: Гаазе Жанат Болатбекқызы, Дизайн және сән индустриясы кафедрасының доценті, ҚР Суретшілер одағының мүшесі
  3. Балаларды бейнелеу және сәндік өнерге оқыту курсы (4-7 жас) (64 сағат)
  4. Инклюзивті топтарды қоса алғанда, балалар мен жасөспірімдерді оқытуға арналған сурет курсы (12-15 жас)
  5. Инклюзивтік топтарды қоса алғанда, балалар мен жасөспірімдерді оқытуға арналған кескіндеме курсы (12-15 жас)
  6. Инклюзивтік топтардың бейнелеу және сәндік өнері бойынша балаларды оқыту курсы (5-8 жас) оқытушы: Боранбаева Сулушаш Тіленшиевна, "Тараз қаласы білім беру бөлімінің психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті" КММ маманы
  7. Инклюзивтік топтардың бейнелеу және сәндік өнері бойынша балаларды оқыту курсы (8-11 жас), оқытушы: Насыржанова Дильфуза Рахимбетовна, "Мейірім" мектеп-интернатының көркем еңбек және технология пәнінің мұғалімі
  8. Мастер-класстарды әр апта сайын қаланың жетекші оқытушылары өткізеді
  9. Демалыс күні мектебі.

Жоба біздің шығармашылық орталықтың негізінде барлық жастағы және бағыттағы шығармашыл адамдарды (суретшілерді, декораторларды, қолданбалы өнер шеберлерін және өнерді бағалаушыларды) біріктіруге арналған.

 

 

 
 
Прочитано 1291 раз
Top