ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Линник Андрей,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хамедов Абилфас, ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Бұларов Ілияс жұмыс сапарымен Дулати университетіне келді.

Қонақтар университеттің қызметімен, даму стратегиясымен және оқу базасымен танысты. Сапар аясында Дулати университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесу өтті.

2

Университет ректоры Талғат Ешенқұлов Дулати университет тарихы және даярланатын мамандар туралы атап өтті. Кездесуде білім және ғылым саласындағы педагогтарды ынталандыруға, жастарды мамандыққа тартуға, болашақ мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған елеулі өзгерістер болатыны жайлы сөз қозғалды.

Технологиялық факультет деканы Ә.Әймен Республикадағы маңызды мамандық топтарына мемлекеттік грант бөлу көлемін ұлғайту қажеттігін ескерсе, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Г.Мұратова өндіріс тарапынан мақсатты түрде мамандар даярлауда талаптар күшейту қажеттігін айтты. Ұстаз институтының директоры О.Джолдасова педагог кадрларды қолдау,  мектеп оқушыларына тегін ас беру, жекеменшік білім беру ұйымдары сияқты жәй мектептерге де жағдай жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

3

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев өңір экономикасының дамуына, әлеуметтік кәсіпкерлікті іске асыруда университет түлектерінің ерекше үлесі бар екендігін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Дулати университетінің профессор-оқытушылар құрамы тарапынан қойылған білім беру жүйесіне қатысты бірқатар сұрақтарға толыққанды жауап қайтарды.

4

5

Прочитано 1035 раз
Top