ДУЛАТИЛЫҚ ШАПАҒАТ – «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІГІ!

Жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастыратын «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының Бас жүлдесін Дулати университетінің «Журналистика» мамандығының түлегі Шапағат Әбдірұлы алды.

Байқауға түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.
Биылғы бәйгеге елдің түкпір-түкпірінен 156 шығарма келіп түскен. Жеңімпаздар «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туындысы», «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы», «Жылдың үздік драматургиясы» дәстүрлі аталымдар бойынша белгіленді.

WhatsApp Image 2021 12 21 at 10.05.46

Университет қабырғасында жүргенде өзінің «Алдай көрме сен мені» атты жеке жыр жинағын шығарған. Еңбек жолын «Университет тынысы» газетінен бастаған ол, қазір облыстық "Ар-Ай" жастар газетінің тілшісі.

Жас ақын Шапағат Әбдірұлы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үздік туынды» номинациясын жеңіп алып, 3 млн теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

Прочитано 1063 раз
Top