РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТІЛ

Құрметті Дулати университетінің профессор-оқытушылары, білім алушылар!

Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік тілдің жағдайын талқылау, заманауи қазақ тілінің жазба және сөйлеу мәдениетінде пайда болған жаңа тенденциялардың артықшылығы мен кемшін тұстарын зерделеу, жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, оны дамытудың жаңаша тетіктерін табу, мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелерін талдау мақсатында «Рухани жаңғыру: тәуелсіздік және тіл» тақырыбындағы ашық диалог өтеді. Іс-шараға Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларындағы оқу орындарының ғалымдары қатысады.

Тіл туралы өзіндік ойыңызды ашық айтқыңыз келсе, біздің іс-шараға қатысыңыз.

Прочитано 1599 раз
Top