«IQ-STAN» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Дулати университеті «Инклюзивті білім беру» орталығының бастамасымен Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында «IQ-stan» атты интеллектуалдық ойыны өтті.   

«IQ-stan» интеллектуалдық ойынының жоғары деңгейде өтуіне «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі», КММ «Жастар ресурстық орталығы», «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры және Тараз қаласы «Жас Отан» жастар қанаты волонтерлары белсенді атсалысып, қолдау білдірді.

WhatsApp Image 2021 10 28 at 15.21.23 1

Айта кетейік, аталмыш интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар мүмкіндігі шектеулі жастардың коммуникативтік, интеллектуалдық қабілеттерін шыңдау, білімін арттыру, шығармашылық ойлау, қиялдарын дамыту, жылдам ойлап, командамен жұмыс жасауға дағдыландыруға және өзін-өзі жетілдіруге өз септігін тигізеді.

WhatsApp Image 2021 10 28 at 15.21.24

Прочитано 1144 раз
Top