ЖАЗЫЛБЕК ҚУАНЫШБАЕВҚА 125 ЖЫЛ

Бүгін Дулати университеті Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған бірінші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

WhatsApp Image 2021 10 27 at 17.50.39
Конференцияға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов, профессор-оқытушы құрамы, студенттер, ҚР Президент әкімшілігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2021 10 27 at 17.53.00

Жазылбек Қуанышбаев еңбекке деген қабілеті мен өз ісіне деген сүйіспеншілігінің арқасында биік белестерді бағындырды. Ол өзінің тәжірибесін жас шопандармен бөлісіп, балаларды жастайынан еңбекке баулыды. Бүгінгі таңда оның жұмыс тәжірибесін тарату, жас ұрпаққа еңбектегі ерліктері туралы насихаттау – аса маңызды.

Прочитано 1173 раз
Top