ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ЖАСАЛДЫ

Бүгін www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының тұсаукесері жасалды.

«Педагогика» кафедрасының меңгеруші п.ғ.д., профессор Клара Бұзаубақованың ұымдастыруымен өткен вебинарға  Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Нұрмұханбет,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д., Амина Амирова, Қазақстанға танымал ғалым, Қазақ Ұлттық  қыздар педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.к., Ақкул Жубандықова және т.б. ғалымдар мен жас ғалымдар қатысты.

Жобаның тұсаукесерін Данияр Нұрмұханбет жасады.

Іс-шара барысында Клара Бузаубакова www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталының құрылымы,  дидактикалық ерекшеліктері мен жұмыс жасау принциптерімен  таныстырды.

DSC 5344

Айтуынша,  www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттілігі болашақ педагогтің  креативті ойлау қабілеті, әдіснамалық рефлексия, жаңалыққа деген талпынысы, инновациялық технологияларды шығармашылықпен пайдалану, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатындағы ұдайы ізденістері, педагогикалық  инновацияларды  өз іс-тәжірибесінде жүйелі пайдалану, ақпаратты өз бетінше іздеп, таба алуы; алынған мәліметті өңдей алуы, жинақтауы, сұрыптауы және   т.с.  шығармашылық  іс-әрекеттерінен көрініс табатын цифрлы-құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді.

DSC 5357

www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталы  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды.

Ұсынылып отырған педагогикалық білім беру порталының артықшылығы жаңа жағдайдағы  Қазақстанда  педагог мамандарды дайындау  және болашақ педагогтердің  цифрлы  сауаттылықтары мен құзыреттіліктерін арттыру бойынша DULATY цифрлы педагогикалық хаб (педагогикалық  кампус) жасақталатындығы.

DSC 5361

Цифрлы педагогикалық кампус –  білім алуда, қашықтан білім алуда және біліктіліктерін көтеруде барлық  білім беру  ресурстарына қолжетімтілікті  қамтамасыз ететін  интеллектуалды инновациялық  виртуалды  білім беру алаңы.

Цифрлы педагогикалық хаб болашақ педагогтің- цифрлы   креативті  құзыреттіліктері қалыптасқан smart-болашақ педагогтің цифрлы-әдістемелік кабинеті болмақ.

DSC 5345

ҚР  педагог мамандарды дайындау  және болашақ педагогтердің  цифрлы   креативті  құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ашылған www.smart-pedagog.kz педагогикалық білім беру порталытөмендегідей бағытта  жұмыс жасайды және 8  онлайн-педагогикалық ресурсты пайдаланады:

1) SMART- онлайн педагогикалық шеберхана (педагогикалық орталық) – мұнда болашақ педагогтер Қазақстан, Ресей және басқа да алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің жаңашыл педаготерінің бейнесабақтарын көру, талдау,  педагогикалық  практика кезеңінде сынақтан өткізу нәтижесінде  педагогикалық мамандықтың қыр-сыры мен таңғажайып құпияларымен танысады; қашықтықтан оқыту бойынша  сабақтар әзірлейді  және т.б.

2) SMART онлайн–педагогикалық  студия – мұнда  болашақ педагогтер  өздерінің алғашқы  инновациялық онлайн сабақтарын  бейнетаспаға жазуға қажетті білім, білік, дағдыларды алады; алғашқы  бейнесабақтарын жасап үйренеді,  дайындайды.

3) SMART-онлайн–педагогикалық  электронды  кітапхана –smart- болашақ педагогмамандығы мен жүргізетін пәні бойынша қажетті білім мен біліктілікті интернет-ресурстар арұылы алады.

4) SMART-онлайн әдістемелік қожын – smart- болашақ педагог Қазақстан мен Ресей және басқа да алдыңғы қатарлы шетел мемлекеттерінің жаңашыл педагогтерінің алдыңғы қатарлы  инновациялық  педагогикалық тәжірибелерін  үйрену, қолдану, тарату  бойынша  қажетті IT -құзыреттіліктерді меңгереді.

5) SMART-онлайнкоучинг – мұнда  болашақ педагогтер педагогика, киберпедагогика, медиапедагогика, цифрлы педагогиканың  көкейкесті проблемалары бойынша  педагогикалық коучинг, тренингтерді өткізу бойынша  қажетті құзыреттіліктерді меңгереді.

6) SMART-онлайн– коворкинг-орталық –креативті педагогтер мен болашақ педагогтердің  ашық алаңы;   білім беру стартап-жобалар жасайтын педагогикалық хакатон,  өз  тәжірибелері және өз идеяларымен бөлісетін кретивті болашақ педагогтердің симуляциялық орталығы; мұнда smart-болашақ педагог педагогика, киберпедагогика, медиапедагогика, цифрлы педагогиканың  көкейкесті проблемаларыбойынша  инновациялық зерттеулер мен  ғылыми жобаларды  жүргізуге қатысты  креативті  құзыреттіліктерді меңгереді;

7) SMART - онлайнвиртуалды зертхана – болашақ педагогтер кейбір зертханалық жұмыстарды  виртуалды зертханаларда жүргізеді. 

8) SMART  цифрлы контент– smart- болашақ педагог өз пәні бойынша  электронды контент әзірлейді.

DSC 5352

Прочитано 1281 раз
Top