РЕКТОР ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗДАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАП, АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАДЫ.

Құрметті ұстаздар, Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек. Бүгінгі еккен дәндеріңіз - ертеңгі жеңісті де жемісті күннің кепілі.

Шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз көп болсын.

 

Прочитано 1086 раз
Top