АРДАГЕР - ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Талғат Ешенқұлов Дулати университетінің ардагер-ұстаздарын Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт пен береке, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың университет дамуына қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Білім мен ғылым жолында талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызға бағыт-бағдар бердіңіздер.

Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған кездеріңізде де, ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Сіздерге деген құрмет арта бермек», - деп жеткізді, университет ректоры.

Прочитано 995 раз
Top