ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің миссиясын дәріптеуге және педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған «Қазақстан мұғалімі- 2021» Ұлттық сыйлығының аясында өткен «Болашақ мұғалімі» жобасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Ұстаз" институтының "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 4-курс студенті Тұрғұмбек Іңкәр Кенжебекқызы "Болашақ мұғалімі" аталымының иегері болды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстанның 10 ЖОО арасынан 10 үздік студент «Болашақ мұғалімі» аталымының жеңімпаздары марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы тәжірибе беру, болашақ педагогты мамандығына тарту, студенттің тәлімгермен ынтымақтастығын арттыру мақсатында жаңа - "Болашақ мұғалімі" бағыты енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

"Болашақ мұғалімі" аталымының жеңімпазы Тұрғұмбек Іңкәр Кенжебекқызын құттықтаймыз. Оқу барысында толағай табыстар мен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз!

Прочитано 996 раз
Top