ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ТҮЛЕКТЕН ТАРТУ

Бүгін Дулати университетінде «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры Көпбаева Меруерт Рахымбайқызының бастамасымен Елбасының «Рухани Жаңғыру», соның ішінде «Түлектерден тарту» аясында және президентіміз Қ.Ж. Тоқаевтың «Тал егіп, туған жердің табиғатын аялайық» ұраны аясында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына түлектен тарту 30 тал, 30 гүл, 30 кітап» іс-шарасы өтті.

 

Ашық аспан аясында өткен іс-шараға тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор м.а. Наурызбекова Альмара Еркінқызы, факультет декан м.а Мамырханова Жамила Темірғалиқызы,  «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы, кітапхана басшысы Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы, оқытушы және белсенді студенттер қатысты.

 
 

 

Қазіргі таңда өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған шақта ақыл-ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу қажеттілігі күн озған сайын артып отырғандықтан аталған іс-шара маңыздылығымен ерекшеленеді.

 
 

 

Іс-шара соңында кафедра құрамы Дулати университетінің кітапханасына 30 кітап сыйлап, жастарға ақ тілек айтып, ұйымдастырылып отырған шараның құндылығын түсіндірді. Алдағы уақытта аталмыш тәрбиелік мәні бар іс-шара жалғасын таппақ.

Прочитано 1417 раз
Top