АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОС КҮМІС

Дулати университетінің студентттері армрестлингтен Азия чемпионатынан қос күміспен оралды.  65 кг. салмақта білек сынасқан «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам екінші орын иеленсе, осы мамандықтың 2-курс студенті Джидебаев Аят 70 кг. салмақ дәрежесінде күміс алқа иегері атанды.

Алматы облысының Жанашар қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түркіменстан және Моңғолиядан 600-ден астам спортшы қатысты.

Азия біріншілігі мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.

Қазіргі уақытта «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығында»  54 мүмкіндігі шектеулі студенттер бар.

Орталық мүмкіндіктері шектеулі студенттерді инклюзивті оқытумен қатар, студенттердің  әлеуметтік - мәдени оңалтуына қолдау көрсетуде. Студенттердің көпшілігі университеттің қоғамдық жұмысына белсене араласып келеді. Солардың ішінде университет атын шығарып жүрген «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам және «Дене тәрбиесі» мамандығының 2-курс студенті Джидебаев Аят Серікұлы. Жастар спорттың армрестлинг (қол күрес) түрімен шұғылданады. Көптеген халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған.

Атап айтсақ, 2019 жылы Армрестлингтен Қырғызстанда өткен мүмкіндігі шектеулі ұлдар арасындағы Азия чемпионатында және Алматыда өткен Азияның ашық кубогында алтын медаль, Жамбыл облысының ұлдар арасындағы чемпионатта және «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен ашық турнирде  бірінші орын алған. 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында Азияның ашық кубогында алтын медальмен марапатталып  турнирде екінші орын алған.

Жеңімпаз болған қос батырымызды құттықтаймыз!!!

Дулати Университетінің
медиа-қызметі

Прочитано 1024 раз
Top