РЕКТОРМЕН ӘҢГІМЕ

Бүгін Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұловтың активист- студенттермен дәстүрлі кездесуі өтті.

Кездесу барысында ректор Қайрат Рысқұлбеков атындағы «Шахмат» алаңының ашық аспанында еркін форматта жастармен әңгіме жүргізді.

6c840563 68ac 48f5 955e 82cc74010022

Аталған іс-шараға модератор – ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова, Студенттердің құқығы бойынша Қуаныш Абдикаримов, «SANALY  URPAQ» фронт офисінің мүшесі Мақсат Баймақаш.

8fc7cba5 4405 45a7 a584 905c69414c14

 Кездесу нәтижелі және қызықты өтті. Барлық қатысушылар өздерін еркін сезініп, әртүрлі сұрақтар қойып, ректордың студенттік өмірі мен еңбек жолына  қызығушылық танытты. 

Ректор өз сөзінде, білім алған университетін басқарып отырғанына қуанышты екенін айтып, студент-жастарды білім алуға және адалдыққа шақырды. 

Кездесу соңында Талғат Ешенқұлов кездесуге қатысқан студент-жастарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

e47e7d22 26b6 4473 913f 9ea4f13108820acb4643 4264 4502 a91c f299571bdc7b

 

Прочитано 1629 раз
Top