ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚУАНЫШ ЕРҒАЛИЕВ КЕЛДІ.

Университет ректоры Т.Ешенқұлов вице-министрге университеттің қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары, ғылыми жобалар, инфрақұрылымдық өзгерістер туралы жалпы мәлімет берді.

Қуаныш Асылханұлы Дулати Университетінің оқу кешендерін аралап, оқу-зертханалық базасымен танысты. Университет ғалымдарының тамақ өнеркәсібі, химия және құрылыс материалдары саласындағы ғылыми жобалары келген қонағымыздың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сапар барысында жатақхана студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Жастар вице-министрге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

Кездесу соңында вице-министр жаңадан салынып жатқан 500 орындық жатақхана құрылысының жұмыстарымен танысты.

14 4

9 5

12 10

Медиа-қызмет

Прочитано 1110 раз
Top