СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ

Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл туралы бакалавр және магистр студенттері арасындағы облыстық жобалар байқауының ережесі

1. Жалпы ережелер
Қоғамда сыбайлас жемқорлық алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл туралы бакалавр және магистр студенттері арасындағы облыстық жобалар байқауы облыстағы бакалавр және магистр студенттері арасында жүргізіледі. Аталған тақырыптағы материалдар арнайы жасақталған конкурстық комиссия мүшелеріне ұсынылады.
Байқау Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал қоғам» ҚБ мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисімен өткізіледі.

2. Байқау мақсаты
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, бакалавр және магистр студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мен олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыра отырып, студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

3. Байқау міндеті

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимылды іске асырудың тиімді формаларын іздеу және насихаттау.
  2. Қоғамда және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
  3. Мемлекеттік қызметтің мәртебесін жоғарылату, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыру, қоғам тұрақтылығын одан әрі күшейту.
  4. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру.

4. Байқау шарттары

  1. Байқауға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыруда ғылыми білімді дамытуға үлес қосатын ғылыми-зерттеу жобалары, сонымен қатар, инновациялық әдістер ұсынылған жобалар жіберіледі.

5. Бағалау критерийлері

  1. жобаның конкурс мақсаты мен міндеттеріне сай келуі, өзектілігі;
  2. жобаның инновациялық сипаты;
  3. жобаны дамыту мүмкіндігі;
  4. жобаның әріптестік сипаты;
  5. өтінімді әзірлеу сапасы.

6. Жеңімпаздарды марапаттау

Байқау қорытындысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментітарапынан құрылған комиссия шығарады. Комиссия құрамы:

  • - қорытындысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментібасшысының орынбасары (комиссия төрағасы);
  • - «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисінің қызметкерлері;
  • - үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері;
  • - облыстық жобалар жеңімпаздары мен БАҚ өкілдері.

Байқау қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орын иеленген қатысушылар бағалы сыйлықтармен және қорытындысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің алғыс хаттарымен марапатталады.
Ескерту:
Материалдар (қағаз және электрондық нұсқаулары) «Байқауға» деген белгісімен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне келесідей электронды пошта арқылы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жолданады.
Материалдарды қабылдау 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.
Анықтама телефондары: +7 705 624 8846

Прочитано 1417 раз
Top