«ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облысында осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл байқаудың мән-мағынасы зор. Қазақстан халқы тілдері күніне орай байқау жеңімпаздарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттады.

Аса бір қуанышпен айтатын жайт, үш жыл қатарынан өткен «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары қатарынан Дулати университетінің оқытушылары түскен емес. Алғашқы жылы Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, Мырзабай Балмира, екінші жылы Құламанова Зиба Абдуллақызы, биыл Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы «Тіл майталманы» номинациясын жеңіп алып, 300 000 теңге сыйақы алды. Бұл — ерен еңбектің еленгені.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1090 раз
Top