ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ "КҮМІСІ"

Дулати университетінің студенті, еркін күрес шебері Нұрдәулет Қуанышбай жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Башқұртстан Республикасы Уфа қаласында (Ресей) жасөспірімдер арасындағы 2021 (Junior World Wrestling Championships Ufa 2021) әлем чемпионатының еркін, әйелдер және грек-рим күресінен жарыстар аяқталды. 55 елден 1500-ге жуық спортшы қатысқан дода "Уфа-Арена" стадионында өтті. Турнирдің медальдарын 28 елдің балуандары жеңіп алды.

Қазақстандық "еркін күресшілер" бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы сапында Дулати университетінің студенті, балуан Нұрдәулет Қуанышбай 74-ке дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол америкалық балуан Киган Отоолемен кездесті. Нәтижесінде Нұрдәулет Қуанышбай екінші орын алып, әлем чемпионатынан  күміс медальмен оралды.

МЕДИА ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1075 раз
Top