КҮЗГІ СЕМЕСТР ФОРМАТЫ

Жақында жаңа оқу жылы басталады. 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрін ұйымдастыру туралы Дулати университетінің Басқарма Төрағасы –  Ректор Талғат Ешенқұлов тікелей эфирде толығырақ түсіндіріп өтті және талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Тікелей эфир әлеуметтік желілерде таратылды. Кездесу еркін диалогтық режимде өтті.

Спикер хабарлағандай, Дулати университеті студенттерді қабылдауға толық дайын. Күзгі семестр аралас оқыту форматында – онлайн (қашықтықтан) және оффлайн (дәстүрлі) өтеді.

Эфир қатысушылары гранттар, жеңілдіктер, жатақханалар туралы сұрақтар қойды.

Тікелей эфир жазбасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар:

https://www.instagram.com/p/CSomcsmhFvi/

МЕДИА ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1183 раз
Top