САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

2020 жылдың 4 тамызында Дулати университетінде әскери кафедра студенттерінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Биылғы оқу жылында университеттің әскери кафедрасы 142 сарбазды даярлап шығарды.

Далалық оқу-жаттығуларында жүздерін күн қақтаған курсанттардың серпімді дауысы да көңілге сенім ұялатарлықтай. Олар мемлекеттік тудың алдында туған халқы мен Отанына адал болуға ант етті.

Дәстүрлі ант қабылдау рәсіміне арнайы университет ректоры Т. Ешеңқұлов келіп, антына адал, еліне ер, жеріне қорған бола алатын жас сарбаздарға сәт сапар тіледі.

антex

 Медиа-қызмет

Прочитано 1103 раз
Top