ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті достар!

2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне білім беру бағдарламалары бойынша PhD докторанттар даярлауға 20 орын бөлінді (D011 Физика педагогтерін даярлау-2; D017 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау – 1; D018 Орыс тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау – 2; D089 Химия – 2; D111 Азық-түлік өндірісі – 3; D 114 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары  бұйымдары – 3; D129 Гидротехникалық құрылыс – 5; D137 Су ресурстары және суды пайдалану - 2).

Аталған білім беру бағдарламаларының мақсатыдокторанттарды даярлау деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сапасына қол жеткізу, докторанттардың өзіндік оқу, ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметін ынталандыру болып табылады.

 

Докторантураға түсуге қойылатын талаптар:

- докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады;

- түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады;

Анықтамалық:- ағылшын тілі: International English Language Tests System (IELTS), шекті балл – кемінде 5,5; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл – кемінде 460. Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internetbased Test (TOEFL IBT), шекті балл – кемінде 46. Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT) шекті балл – кемінде 453;

- неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі);

- француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес, Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF), B2 деңгейі, Diplome Approfondi de Langue franзaise - (DALF), C1 деңгейі, Test de connaissance du franзais (TCF) – кемінде 50 балл.

- докторантураға түсу емтиханы компьютерлік форматта өткізіледі.

Ағымдағы жылы докторантураға түсу емтиханы алғаш рет                              «1 тестіленуші – 1 компьютер – 1 камера» принципі бойынша компьютермен жабдықталған арнайы өңірлік тестілеу орталықтарының (бұдан әрі – ӨТО) базасында 20 тамызға дейін өткізіледі.

Аталған  емтиханэссе жазудан, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады және оны тапсыру үшін 4 сағат беріледі.

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесі 100-балдық шкаламен бағаланады.

Анықтамалық:

  • Эссе - 20 балл;
  • докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест -30 балл;
  • білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары - 50 балл.

Аталған принцип ашықтықты, нақты бәсекелестікті қалыптастыруға, сонымен қатар  докторантураға ең мықты және лайықты адамның оқуға түсуіне мүмкіндік береді.

Докторантурағақұжат тапсыру ағымдағы жылдың 9 тамызына дейін ұзартылды.  Түсуші тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізіп, техникалық хатшылардың сүйемелдеуімен Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген ақпараттық жүйе арқылы тіркелуі қажет.

Докторантураға түсуші тұлғалар келесі құжаттар топтамасын университеттің қабылдау комиссиясына тапсырады:

1) университет басшысының атына өтініш (еркін нысанда);

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар;

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;

6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

 7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;

8) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

Құрметті достар!

Барлықтарыңызды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне докторантураға түсуге шақырамын. Мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар.

 

Талғат Ешенқұлов
Дулати Университетінің Басқарма төрағасы-ректоры

 

Доктор 1Доктор 2

Доктор3Доктор4

Доктор5Доктор7

Доктор8

 

 

Прочитано 1448 раз
Top