АСТАНАДАН АҚЖОЛТАЙ ХАБАР КҮТЕМІЗ

Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңы көптің көкейінен орын алған «MEDIUM» командасы  29- шілде мен 8-тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Республикалық «Жайдарман» жоғары лигасына жолдама алды.

«Тараз-2000» командасынан кейін, араға 10 жыл салып ең жоғары  байрақты бәсекеге жолдама алған жастарды университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Талғат Ешенқұлов қабылдап, Нұр- Сұлтан төрінде толағай табыстармен оралуға тілектестік білдіріп, сәт сапар тіледі.

Жолдама алған жігіттердің атынан сөз алған Еламан Юсуп барынша қолдау көрсеткен  университет басшылығына  шынайы алғысын айта келіп, «Жайдарманнан» жақсы жаңалықпен ораламыз деп сенім білдіріп, жоспарларымен бөлісті.

Медиа-қызмет

Прочитано 1097 раз
Top