«ҰСТАЗДА» ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

2021 жылдың 13 - шілде күні университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Талғат Ешенқұлов «Ұстаз» институтының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Кездесуді институттың бас ғимаратынан бастаған Талғат Ильясұлына оқу жоспарлары, жасалып жатқан жұмыстар туралы, Тараз өңірлік университеттің бірінші проректоры м.а. Ержан Әмірбекұлы, институт директоры Орынкыз Жолдасова таныстырды.
Ректор институттың «Бауыржантану» орталығы, музей және «Химия-География», «Биология», «Спорт менеджменті» қатарлы 19 кафедраның жұмыс барысын көріп, бірнеше ұсыныстар айтты.
Проректор м.а. Ержан Әмірбекұлы өз сөзінде институттағы көптеген аудиторияларды жеке азаматтардың қаржысымен жаңартылып жасалғанын айта келіп, көмек қолын созған азаматтардың еңбегіне алғыс білдірді.

Оқытушылар құрамымен кездескен басқарма төрағасы жалпы «Ұстаз» институтының жұмысына оң баға беріп, университетте басқа жоғары оқу орындары ғана емес, жеке кәсіпкерлер де бәсекелесе алады. Оқу ордамызға «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген талантты жастарды жұмысқа шақыру қажеттігін тілге тиек етті.

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деген сөзін мысалға келтіре отырып, Талғат Ешенқұлов ұстаздарға бірігіп, тәртіп пен сыйластықта жұмыс істеуге шақырды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1094 раз
Top