МАҢЫЗДЫ ТАНЫСУ

13 - шілде күні университеттің ректоры Талғат Ильясұлы «Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқу корпустарын аралады.

Басқарма төрағасы факультет деканы Айсұлу Нұрдынқызының бастауымен кафедралардың материалдық-техникалық базасымен танысты.
Факультет құрамындағы 8 кафедраның жұмысымен танысқан Талғат Ильясұлы студенттерге сапалы білім беру үшін, оқу орталығында барлық мүмкіндіктер жасалып, жақсы жағдайдың қарастырылуын басты назарда ұстау керектігін айтты.
Кездесу барысында «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиевна ұсыныстары мен ризашылығын білдірсе, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Мейрамбайқызы журналистика мамандығы бойынша орыс тілде сабақ беретін ұстаздардың тапшылығы тағы басқа мәселелер туралы ойларын ортаға салды.

Сөз соңында Талғат Ильясұлы факультеттің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1101 раз
Top