ТАЛҒАТ ИЛЬЯСҰЛЫ «МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКА» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Кездесу барысында Академиялық саясат жөніндегі департамент директоры Мәлібеков А.Қ. «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы Кенжеғали Шилібек және кафедра меңгерушілері қатысты.
Бас қосудың басты мақсаты «Мұнай, газ және механика» факультетінің алға қойған жоспар, міндеттерімен бөлісу.

Іс-шара аясында 25 жылға жуық декан болған техника ғылымдарының докторы, – «Машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры Сағат Мырзашұлы факультеттің мамандар дайындауда өзіндік бағытының ерекшелігі туралы айтса, профессор — Исан Сапиұлы жаңа басшыға деген жақсы тілегін білдірді. Келесі сөз кезегін алған факультет деканы Кенжеғали Қошқарбайұлы факультеттегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндай келе білім, ғылым саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, алдағы жоспарларымен бөлісті. Академиялық саясат жөніндегі департамент директоры А.Мәлібеков антиплагиаттан өткізу Ресейлік компаниямен арадағы келісім шарт негізінде арнайы бағдарлама бойынша іске асатынын айта отырып, кейбір ерекшеліктерге мән беру қажеттілігіне тоқталды.
Талғат Ильясұлы факультеттің жасап жатқан жұмыстарына оң баға беріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Медиа-қызмет

Прочитано 1133 раз
Top