ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

Дулати университетінің ректоры Талғат Ильясұлы «Экономика және құқық» факультетімен танысты.

Жұмыс визитінің мақсаты факультеттің материалдық-техникалық базасын аралау және 2021-2022 оқу жылына факультеттің мақсат-міндеттерімен танысу.
Ұжымның атқарып жатқан жұмыстарымен танысқан Талғат Ильясұлы бірнеше тапсырмалар берді. Дәлірек айтқанда, алдағы оқу жылдарына арналған "Даму жоспарын" ҚР Президенті мен Үкіметінің даму бағдарламаларымен үйлестіріп, жергілікті аймақтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жұмысты жүзеге асыру және білім алушылардың сапалы контингентін жетілдіру үшін жергілікті мектептер мен колледждерден білімді және дарынды талапкерлерді оқуға тарту жұмыстарын жүйелеу қажеттігін айтты.

Талғат Ильясұлы стратегиялық жоспарларды орындауда факультет ұжымының белсенділігі мен жауапкершілігі қажет, сондықтан ауызбіршілікте, келісімде болып оқу үрдісінде барлық мәселелерді оңтайлы шешуге атсалысуға шақырды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1649 раз
Top